Аталған форумға А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты жанындағы Студенттік Ассамблеяның төрайымы Хван Миён қатысып, жастар арасында қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулық пен бірлікті дамыту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Форум барысында еліміздің әр өңірінен келген Студенттік Ассамблея өкілдері жастар саясаты, азаматтық белсенділік, толеранттылық пен өзара құрмет құндылықтарын насихаттау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, үздік тәжірибелер ұсынылып, бірлескен жобалар жоспарланды.
Форум қорытындысы бойынша ЕАГИ-дегі Студенттік Ассамблея төрайымы Хван Миён жастар арасында Қазақстан халқы Ассамблеясы құндылықтарын ілгерілетуге қосқан белсенді үлесі үшін министрлік тарапынан Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл марапат – студент жастардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуының және институтымызда жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі.



