Брейн-ринг интеллектуалдық ойыны

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру мақсатында және Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай «Құқықтану» мамандығының 1-курс студенттері арасында Брейн ринг интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және адалдық қағидаларын насихаттау болды.
Сайыс барысында командалар Қазақстан Республикасының заңнамасы, жемқорлыққа қарсы саясат, құқықтық нормалар, сондай-ақ логикалық және жедел ойлауды талап ететін сұрақтар бойынша бақ сынасты.

Прокрутить вверх