Жасанды интеллектті білім беру саласында қолдану бойынша шеберлік сыныбы

2025 жылғы 27 қараша Педагогика және тарих кафедрасында жасанды интеллектті білім беру процесін ұйымдастыруда қолданудың жаңа мүмкіндіктері туралы профессор Раиса Убитаевна Накипбекова жүргізген шеберлік сыныбы өтті.
Шараға ЕАГИ-дің бірқатар кафедра оқытушылары, сондай-ақ «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология», «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламаларының студенттері белсенді қатысты.
Студенттер шығармашылық қабілеттерін, командалық жұмыс дағдыларын және цифрлық құзыреттіліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Прокрутить вверх