Қатысушылар Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасына сүйене отырып, шетелде білім алу адамның Ыстық қайраты, Нұрлы ақылы және Жылы жүрегі қаншалықты қалыптасатынын талқылады.
А командасы — «Ыстық қайрат» командасы (Команда құрамы: Айкын Айнар, Джантасова Медина, Тухан Сакен, Кокимов Арыстан, Ислямов Кайсар) «Шетелде оқу – дербестікке, табандылыққа, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады» тақырыбын; В командасы — «Жылы жүрек» командасы (Команда құрамы: Амангельдулы Али, Мухтарова Инжу, Абылай Досымжан, Нурхан Адлет, Дабыл Молдир) «Толық адам болу өз еліңде де мүмкін: рухани құндылық, мәдени тамыр, адамгершілік байланыс осында қалыптасады» тақырыбын қорғап шықты.
Екі команда да Абай ойларына сүйеніп, білім мен адамдықтың мәнін жан-жақты талдады. Пікірталас әсерлі, мазмұнды және тартымды өтті.
Пікірсайыс жеңімпазы — «Жылы жүрек» командасы.
Сараптамалық бағасы мен әділ төрелігі үшін Айгерим Асылхановнаға ерекше алғыс білдіреміз.
