Ерекше білім беруді қажет ететін 7–10 сынып оқушыларына арналған «Болашаққа қадам» қалалық байқауы

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының м.а. А. Абишеваның 2025 жылғы 25 қарашадағы тапсырмасына сәйкес, ерекше білім беруді қажет ететін 7–10 сынып оқушыларына арналған «Болашаққа қадам» қалалық байқауында педагогика және тарих кафедрасының доценті А. Аязбаева қазылық етіп, кәсіби тұрғыдан бағалауға өз үлесін қосты.
Байқаудың мақсаты — ерекше білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, қабілетін қолдау және оларды қоғамдық өмірге белсенді қатысуға ынталандыру болды.
Прокрутить вверх