«Адал адамзат тәрбиесі мен ЖИ: қазақ тілі сабақтарындағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы қалалық семинар

2025 жылғы 14 қараша күні №32 мектеп-гимназиясында «Адал адамзат тәрбиесі мен ЖИ: қазақ тілі сабақтарындағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шараға А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламаларының студенттері педагогика және тарих кафедрасының доценті, психол.ғ.к. Унарбекова Нұршат Досмұхамбетқызының жетекшілігімен қатысты. Педагогика және тарих кафедрасының №32 мектеп-гимназиясындағы филиалы институт пен мектеп арасындағы серіктестік негізінде студенттердің тәжірибесін арттыру, теория мен практиканы ұштастыру, инновациялық әдістерді енгізу және оқу-тәрбие процесіне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жұмыс істейді.
Семинар барысында студенттер жасанды интеллектке негізделген оқыту құралдарының жұмысымен, мектеп мұғалімдері өткізген ашық сабақтарда қазақ тілін үйретуде ЖИ технологияларын қолданудың жаңа әдістерімен танысып, кәсіби шеберліктерін шыңдаудағы ЖИ мүмкіндіктерінің маңыздылығын түсінді. Сонымен қатар білім беру саласындағы инновациялық психологиялық-педагогикалық технологиялар туралы құнды ақпарат алды.
Прокрутить вверх