Институт кітапханасында ақпарат күндері өтті

2026 жылғы 11–16 қаңтар аралығында институт кітапханасында Ақпарат күндері ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқытушы-профессорлар қауымын оқу бағдарламасына қажетті заманауи оқу, оқу-әдістемелік құралдармен және ғылыми басылымдармен қамтамасыз ету.
Ақпарат күндері аясында педагогика, тарих, құқық, аударма ісі, қазақ тілі, экономика, шет тілдері бағыттары бойынша жарық көрген жаңа басылымдар таныстырылды.
Сонымен қатар, инклюзивті білім беру, жасанды интеллект және цифрлық дәуір тақырыптарына арналған өзекті материалдар – нұсқаулықтар, практикумдар, ғылыми әдіс-тәсілдерге негізделген зерттеулер көпшілік назарына ұсынылды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх