Семинар: «Мәтінмен жұмыс – оқу сауаттылығының негізі»

2026 жылғы 21 қаңтарда Астана қаласы әкімдігі «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен «Мәтінмен жұмыс – оқу сауаттылығының негізі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Іс-шараға бастауыш сыныптардың жас мамандары мен әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысып, мәтінмен тиімді жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдерімен танысты.

Семинардың пленарлық бөлімінде А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Н.Ә. Тойбазарова мазмұнды баяндама жасап, оқу сауаттылығын қалыптастырудағы өзекті мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ мәтінмен жұмыстың түрлері мен 30-дан астам әдіс-тәсілдерін ұсынып, тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх