ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БОЙЫНША СЕМИНАР

 

2026 жылғы 27 қаңтарда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Астана қаласының жоғары оқу орындары мен колледждеріне арналған ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді сүйемелдеудің «1+2» моделі бойынша оқытуға арналған семинар өтті. Семинарға педагогика және тарих кафедрасының доценттері А.Т: Аязбаева, Ж.Е. Турманова, 6В01 – «Педагогика және психология», 6В013 – «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау», 6В016 – «Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері қатысты.

Іс-шара барысында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді сүйемелдеудің тиімді модельдері қарастырылды. Семинар мазмұны қатысушылар үшін өзекті әрі пайдалы болып, кәсіби тәжірибе мен білімді арттыруға ықпал етті.

 

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх