Институтта әскери кафедраға түсу мәселелеріне арналған ақпараттық кездесу өтті. Іс-шара студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Бүгінде білім алушылардың әскери даярлықтан өтіп, болашақта ел қорғаны болуға ұмтылысы – жоғары жауапкершілік пен патриоттық рухтың айқын көрінісі.
Кездесу барысында полковник Абдуллаев А.С. және полковник Шокпутов А.А. әскери кафедраға құжат қабылдау мерзімдері, өтініш беру тәртібі, оқу ақысы, сондай-ақ қабылдау емтихандары мен қойылатын талаптар жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынылып, студенттердің сұрақтарына нақты жауап берілді.

