2026 жылғы 12 ақпанда ШТ-22-01 академиялық тобында доцент С.Е. Давлетова «Некеге мәжбүрлеу – адам құқықтарын бұзудың бір түрі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Сабақ барысында студенттерге адам құқықтарының негізгі қағидаттары, еркін таңдау құқығы, сондай-ақ некеге мәжбүрлеудің құқықтық және әлеуметтік салдары жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Тақырып аясында пікірталас ұйымдастырылып, білім алушылар өз ойларын ортаға салып, мәселенің қоғамдағы өзектілігін талқылады. Іс-шара студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
