«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында бейнефильмдер көрсетілімі

2026 жылғы 12 ақпанда «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Ф-23-01 тобының студенттеріне куратор Б.Б.-Мажитова «Хулиганка» және «Не книжная закладка» бейнефильмдерінің көрсетілімін ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу, ойланбай жасалған әрекеттердің салдарын түсіндіру және әрбір іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру.

Фильмдерді талқылау барысында құқықбұзушылықтың түрлері, олардың әлеуметтік және құқықтық салдары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Куратор студенттерге қолданыстағы заңнама нормалары мен құқықтық жауапкершілік, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді.

Көрсетілім соңында білім алушылар белсенді түрде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Аталған іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң талаптарын құрметтеуге бағытталды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх