«ЖЕКЕ ШЕКАРА: ҚАЛАЙ БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ ҚҰРМЕТТЕУ КЕРЕК?» тренингі

2025 жылғы 12 ақпан ППҚ-23-01, ППТқ-24-01, ППҚ-24-01, ППҚ-25-01, ППТҚ-25-01, МД-23-01, БО-24-01, ДО-25-01, ДОТ-25-01 топтарының білім алушыларына арналған «Жеке шекара: қалай белгілеу және құрметтеу керек?» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараны педагогика және тарих кафедрасының доценті А.Т. Аязбаева, аға оқытушылар А.Т. Балтабаева, А.Б. Мусиев, А.Ж. Хасанова жүргізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің тұлғалық дамуына қолдау көрсету, жеке шекара туралы түсінікті мен оны дұрыс қалыптастыру дағдыларын дамыту, сондай-ақ өзара сыйластыққа негізделген мәдени қарым-қатынасты нығайту.
Іс-шара түрлі практикалық жаттығулар мен рефлексия кезеңдерін қамтыған интерактивті форматта ұйымдастырылды. Қатысушылар нақты өмірлік жағдайларды талқылап, өз ойларын ашық білдіру, «жоқ» деп айту, өзгенің пікірін құрметтеу және конструктивті диалог құру жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді.
Тренинг барысында студенттер ассертивті мінез-құлықтың маңыздылығын түсініп, өз құқықтары мен жауапкершіліктерін тең ұстау қағидаларын талдады. Нәтижесінде білім алушылар өз шекарасын айқындау, оны сенімді түрде қорғау және айналасындағылардың шекарасын құрметтеу дағдыларын жетілдірді.
Мұндай іс-шаралар студенттердің тұлғалық өсуіне, психологиялық сауаттылығының артуына және салауатты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх