2026 жылғы 11 ақпанда педагогика және тарих кафедрасында барлық академиялық топтардың кураторлары студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған қысқаметражды «Не книжные закладки» және «Хулиганка» фильмдерін көру және талдау челленджін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында студенттер құқыққа қарсы әрекеттердің салдарын, жеке бас жауапкершілігі мәселелерін талқылап, манипуляциялық мінез-құлықты тану және қауіпсіз әрекет етудің практикалық дағдыларын меңгерді.
Мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіздік дағдыларын дамытуға бағытталған.




