2026 жылғы 29 қаңтарда оқу-танысу практикасы аясында Құқық пәндері кафедрасы «Есіл» аудандық полиция басқармасымен бірлесіп аталған мекеме базасында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері үшін көшпелі сабақ ұйымдастырды.
Оқу барысында кадрлар қызметінің басшылығы мен жетекші бөлімдердегі жауапты қызметкерлер студенттерді ішкі істер органдарының қазіргі жағдайдағы құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерімен таныстырды. Студенттер полиция басқармасының негізгі бөлімшелерінің жұмысымен танысу мүмкіндігіне ие болды, атап айтқанда: тергеу қызметі, рұқсат беру жүйесі бөлімі, ювеналды полиция, жедел-криминалистикалық бөлім. Полиция басқармасының қызметкерлері студенттерге ҚР Ішкі істер органдары жүйесін реформалау ерекшеліктеріне, 2024 – 2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру жағдайында полицияның сервистік моделін дамытуға (құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында) қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл сабақ студенттердің зор қызығушылығын тудырды және жас мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, сондай-ақ олардың ішкі істер органдары жүйесіндегі кәсіби қызметтің ерекшеліктері туралы ақпарат алуына ықпал етті.




