Пікірталас алаңы: «Жеке таңдау: құқық па әлде қоғамның қысымы ма?»

2026 жылғы 17 ақпанда педагогика және тарих кафедрасы Т-25-01, Т-25-02 академиялық топтары арасында «Жеке таңдау: құқық па әлде қоғамның қысымы ма?» тақырыбында пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Некеге мәжбүрлеу, сталкинг, қамқорлық пен бақылаудың ара-жігі сияқты өткір тақырыптар талқыланып, қоғамда жиі елеусіз қалатын мәселелерге сыни көзқарас қалыптасты. Студенттер сталкингтің «уақытша қызығушылық» емес, жеке еркіндік пен психологиялық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін әрекет екенін ашық айтты.

Пікірталас жеке таңдау – адамның ажырамас құқығы екенін және дәстүр де, қамқорлық та сол шекарадан аспауы тиіс деген ортақ оймен қорытындыланды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх