2026 жылғы 16 ақпанда педагогика және тарих кафедрасының доценттері А.Т. Аязбаева, Н.Ж. Болатбекова және аға оқытушы М.А. Байтанаева «AI-Sana» бағдарламасы аясында халықаралық сарапшының қатысуымен MNU университетінде өткен семинарға қатысты.
Семинар спикері — операциялық менеджмент саласындағы халықаралық сарапшы, Корея Республикасындағы Woosong университеті J.W.K. Kim атындағы Болашақ зерттеулері колледжінің алғашқы деканы, профессор Yoo-Taek Lee.
Семинар тақырыбы: «Жасанды интеллект дәуірінде операциялық қызметтің маңызы: үдерістер, құн қалыптастыру тізбегі және бизнес».
Іс-шара барысында операциялық менеджменттің ИИ енгізудегі рөлі, ИИ-дің нақты қосымша құн қалыптастыратын салалары, компаниялардың жиі жіберетін қателіктері және салалық мәселелерді ИИ-жобаларға айналдыру тәсілдері талқыланды.


