2026 жылғы 17 ақпанда №72 мектеп-лицейінде доцент С.Е. Давлетова 11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушыларға білім беру бағдарламалары, жоғары оқу орнына түсу талаптары, оқу үдерісінің ерекшеліктері мен студенттерге ұсынылатын академиялық мүмкіндіктер туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар мамандықты саналы түрде таңдау, сұранысқа ие бағыттар және болашақ кәсіби даму перспективалары мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Іс-шара соңында ақпараттық материалдар таратылып, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында өтетін Ашық есік күніне шақырылды.
Кәсіби бағдар беру жұмысы мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, түлектердің болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар берілді.



