Кәсіби бағдар – болашаққа нық қадам!

2026 жылғы 18 ақпанда г.ғ.м, аға оқытушы А.З. Еслямова Тарих БББ 4-курс студенттерінің өндірістік практикасы аясында С. Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде кәсіби бағдар беру шарасын өткізді.

Кездесу барысында 11 сынып оқушыларына А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты даярлайтын мамандықтар туралы кең көлемде ақпарат берілді. Институттағы білім беру бағдарламалары, оқу үдерісі, студенттік өмір және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен таныстырды. Сонымен қатар, тарих мамандығының ерекшеліктері, кәсіби даму жолдары мен еңбек нарығындағы сұранысы туралы айтылып, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Іс-шара оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беріп, жоғары оқу орны туралы маңызды мәліметтермен танысуына мүмкіндік жасады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх