Институт студенттері Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттік ұйымымен бірлескен волонтерлік іс-шараға белсенді түрде қатысты.
Іс-шара барысында білім алушылар агенттік қызметінің негізгі бағыттарымен танысып, білім сапасын бағалау, мониторинг жүргізу және кері байланыс жинау үдерістеріне атсалысты. Бұл тәжірибе студенттердің кәсіби жауапкершілігін арттырып қана қоймай, академиялық адалдық қағидаларын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Шара қорытындысы бойынша белсенділік танытқан студенттер алғыс хаттармен марапатталды.


