2026 жылғы 20 ақпан күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының ҚТ-24-01 тобы кураторы Лаура Ноғайбекқызының жетекшілігімен студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және мәдени талғамын, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Хулиганка» және «Не книжные закладки» фильмдерін тамашалады.
Аталған фильмдер жастар өмірі, заманауи құндылықтар мен тұлғалық қалыптасу мәселелерін көтереді. Кино көру барысында студенттер кейіпкерлердің мінез-құлқына, өмірлік таңдауларына талдау жасап, өзара пікір алмасты.
Іс-шара студенттердің рухани дамуына, сыни ойлау қабілетін жетілдіруге және топ ішіндегі бірлікті нығайтуға ықпал етті.

