ЕАГИ-де Ұлттық коалиция өкілдерімен кездесу өтті

27 ақпан күні А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтына Ұлттық коалиция өкілдері келді. Кездесу барысында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамымен елдің қоғамдық-саяси дамуы және алдағы референдумның маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында қатысушылар бастаманың мәні мен мақсаты жөнінде кеңінен ақпарат беріп, жастардың азаматтық белсенділігінің мемлекет болашағын қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, ашық пікір алмасу алаңына ие болды.

Осындай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, қоғам мен жастар арасындағы өзара байланысты нығайтуға зор ықпал етеді. Іс-шара ел дамуына бағытталған маңызды бастамаларды қолдау мен түсіндірудің тиімді диалогтық алаңы болды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх