Дінтанушы Қуатов Арулан А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттерімен «Жастар және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында спикер экстремистік идеологияның белгілері, оның қоғамға тигізетін зияны және жастардың ақпаратты сүзгіден өткізу дағдылары туралы қызықты әрі пайдалы мәліметтермен бөлісті. Студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты — жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту, дұрыс діни түсінік қалыптастыру және қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту.

