А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Жасанды интеллект: теориядан практикаға (Лу Бань шеберханасының базасында)» біліктілікті арттыру курсына қатысты. Бағдарлама жасанды интеллекттің заманауи технологияларын терең зерттеп, оларды білім беру процесіне енгізу үшін Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының оқытушыларын жинады. Институт атынан бағдарламаға э.ғ.к., доцент Баймамыров Болат Аманғазыұлы қатысты.
Қатысушылар географиясы келесі жоғары оқу орындарын қамтиды:
• Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті,
• Satbayev University (ҚазҰТЗУ),
• Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті,
• Қазақ ұлттық спорт университеті,
• С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті,
• Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті,
• А.К. Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институты,
• «Астана медицина университеті» КЕАҚ,
• Қарағанды медицина университеті,
• Esil University,
• Turan University.
Курс теориялық базаны практикалық дағдылармен біріктіретін аралас оқыту моделі бойынша құрылған. Теориялық бөлімде жасанды интеллект саласындағы жетекші мамандар онлайн-форматта дәрістер оқуда. Ал ЕҰУ-дағы Лу Бань шеберханасы базасындағы күндізгі практикалық интенсив бағдарламаның ең маңызды бөлігі болды, онда қатысушылар алдыңғы қатарлы жабдықты игеріп, өз жоғары оқу орындарында енгізу үшін шешімдер әзірледі.
Курс аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар, институтымыздың өкілдерін қоса алғанда, 72 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыруды растайтын белгіленген үлгідегі сертификаттар алады.


