ЕАГИ студенттері арасында волейболдан турнир өтті

2026 жылғы 27 ақпанда ЕАГИ-дің 30 жылдығы аясында ЕАГИ спорт клубы, ЕАГИ Студенттік парламентінің Спорт және салауатты өмір салты фракциясы және Жастар істері комитеті А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері арасында волейболдан турнир өткізді.

Тартысты ойын нәтижесінде «Триумф» командасы жеңіске жетті.
Екінші орынды колледждің «ВК ЕАГИ» командасы иеленді .
Үшінші орын «Chicago» командасына бұйырды.

Сонымен қатар «Турнирдің үздік ойыншысы» номинациясымен Ануарбекова Анель және Ануарбек Алмас марапатталды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар, алғыс хаттар және Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх