2025 жылғы 10 желтоқсанда Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы бизнес-құрылым өкілдерінің қатысуымен «Еңбек нарығы: түлектер үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты – қаржы саласындағы еңбек нарығының заманауи талаптарын талдау және түлектер үшін жаңа жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін айқындау болды.
Кездесуге спикер ретінде «Есіл» бизнес-инкубаторының басшысы және Ж. Акпанова және «Стартап» бизнес-инкубациясы бағдарламасының қатысушысы Н. Абильгазиева қатысты.
Талқылау барысында келесі мәселелер қарастырылды:
— цифрландыру жағдайындағы қаржы секторының даму тенденциялары;
— қаржы саласындағы жаңа мамандықтар (қаржы аналитигі, тәуекел-менеджер, қаржылық технологиялар маманы;
— жасанды интеллект дәуіріндегі қаржылық технологиялардың дамуы.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша түлектер үшін перспективалы жұмыс бағыттары айқындалып, студенттер еңбек нарығының қазіргі талаптары мен сұранысқа ие құзыреттер туралы маңызды ақпарат алды.

