КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты келесі кафедралар бойынша ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Педагогика және тарих кафедрасы
Кафедра меңгерушісі -1 бірлік
Доцент -4 бірлік
Аға оқытушы -5 бірлік
Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы
Кафедра меңгерушісі — 1 бірлік
Доцент — 4 бірлік
Аға оқытушы — 3 бірлік
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Профессор -2 бірлік
Доцент -3 бірлік
Аға оқытушы -2 бірлік
Заң пәндері кафедрасы
Кафедра меңгерушісі -1 бірлік
Доцент -4 бірлік
Аға оқытушы -7 бірлік
Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы
Доцент -3 бірлік

Кафедра меңгерушісі лауазымына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
жоғары кәсіптік білім, ғылым кандидаты, ғылым магистрі, ғылым докторы, PhD ғылыми дәрежесінің болуы және жоғары оқу орнында кемінде 5 жыл педагогикалық жұмыс өтілі;
Профессор лауазымына қойылатын жалпы біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары білім, бейіні бойынша ғылым докторы/ғылым кандидаты/доктор/ PhD доктор ғылыми дәрежесінің және (немесе) «қауымдастырылған профессор», «доцент», «профессор» ғылыми атағының болуы және ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
Қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына қойылатын жалпы біліктілік талаптары: бейін бойынша жоғары білімі, ғылым докторы/ғылым кандидаты/ доктор/ PhD ғылыми дәрежесінің; және (немесе) ғылым магистрі дәрежесінің; және (немесе) «қауымдастырылған профессор», «доцент» ғылыми атағының болуы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша кемінде 5 жыл болуы;
Аға оқытушы лауазымына қойылатын жалпы біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және/немесе ғылым докторы/ғылым кандидаты/ доктор/ PhD ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр академиялық дәрежесі немесе бейіндік бағыттағы магистр (педагогикалық циклден өткені туралы куәлік болған жағдайда), ғылыми-педагогикалық немесе жаттықтырушылық қызметтегі кемінде 3 жыл жұмыс өтілі немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі.
Оқытушы лауазымына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
тиісті бейін бойынша жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және/немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр немесе бейіндік бағыттағы магистр академиялық дәрежесі (педагогикалық циклден өткені туралы куәлік болған жағдайда).
**Бос лауазымға қойылған талаптан жоғары дәреже болған жағдайда конкурстық рәсімдер үшін құжаттарды қабылдауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
— «А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ» ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (Қосымшаға сәйкес);
— кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
— жеке куәліктің көшірмесі;
— жоғары білім туралы дипломның, қосымшасымен бірге, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы, ғылыми атағы туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
— кандидаттық немесе докторлық диссертация шифры бар авторефераттың титулдық парағы;
— қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
— ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №175 бұйрығымен бекітілген №075 нысан бойынша Медициналық анықтама;
— сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады);
— соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (ХҚКО-ға немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш берген кезде жүзеге асырылады);
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
— конкурсқа қатысушының № 272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша есепте тұрмағаны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
— қосымша құжаттар: соңғы жұмыс орнынан мінездеме және (немесе) ұсыныс хат, сондай-ақ кандидат біліміне, кәсіби деңгейіне және т. б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.

Институтта жұмыс істейтін үміткерлер үшін:

— үміткердің кәсіби қызметі, жетістіктері мен біліктілігі туралы ақпаратты қамтитын сипаттама;
— соңғы 3 жылдағы ғылыми-педагогикалық қызмет туралы есеп;
— профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға 3 жылға арналған оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысының жоспары, кафедра меңгерушілері үшін кафедраны дамытудың 3 жылға арналған жоспары;
— қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
— ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса).

* Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай — ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберінде Шетелдік жоғары оқу орындары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей танылады.
* Осы тармақта көзделген тізімге сәйкес құжаттар топтамасы толық тапсырылмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан еркін нысанда бас тартуға негіз болады.
* Барлық құжаттар қағаз мұқабаға тігіледі.

Өтініш беру мерзімі: 2026 жылғы 16 наурыздан 2026 жылғы 29 наурызға дейін (қоса алғанда) Құжаттар қабылдау мекенжайы: 010009, Астана қ., М. Жұмабаев д., 4
Тел.: 561-933, +7 701 527 1946
E-mail: eagi@list.ru

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх