2026 жылғы 24 ақпанда «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы ҚТТ-25-01 тобының кураторы А.Е. Саркенова «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: «Сыбайлас жемқорлық» ұғымын түсіндіру және туындау жағдайлары туралы түсінік қалыптастыру; өз ойын еркін білдіру қабілетін дамыту; жауапкершілікпен және әділдікке тәрбиелеу; патриоттық сезімін ояту болып табылды.
Кураторлық сағат барысында құқықтық мәдениеттің негізгі ұғымдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтардың салдары, сонымен қатар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың рөлі белсенді әрі өткір талқыланды.
Өмірден алынған мысалдар, шағын пікірталастар және ситуациялық тапсырмалар арқылы студенттер өз әрекеттерін талдауға, жауапкершілікті сезінуге және құқықтық салада салмақты шешімдер қабылдауға үйренді.
