2026 жылғы 20 наурызда Наурызнама онкүндігі аясында Астана қаласындағы «Шарапат» қарттар үйінде Наурыз мерекесіне арналған қайырымдылық концерт өтті.
Іс-шараны А.К. Құсайынов атындағы Еуразиялық гуманитарлық институтының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мен «Благо Дарю» қайырымдылық қоры бірлесіп ұйымдастырды.
Концерттік бағдарламада институт студенттері мен Астана қаласындағы №101 жайлы мектеп оқушыларының орындауында қазақ әндері, музыкалық шығармалар және би қойылымдары ұсынылды.
Іс-шара аға буын өкілдеріне деген құрмет пен қамқорлыққа толы ілтипатпен өтті. Қарттар үйінің тұрғындарына естелік сыйлықтар табысталды.



