А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Құттықтаймыз!

Астана қаласындағы Казмедиа орталығында «Bilim Orkeniety» және «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «ҮЗДІК СТУДЕНТ» республикалық байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты білім, ғылым, өнер, спорт саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген, ұйымдастырушылық қабілеті бар, қоғамдық өмірге белсене араласатын, көшбасшылық қасиеттері дамыған, ел болашағы үшін жауапкершілік жүгін көтеруге дайын талантты студенттерді анықтау және қолдау.

ЕАГИ шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының 1-курс студенті Алтынбекова Дана Абубакирқызы «Жаңа Қазақстандық патриотизм» жастар саясаты және креативті идеялар» секциясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталады.

Шын жүректен құттықтаймыз және табыс тілейміз!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх