2026 жылғы 2 сәуірде №72 мектеп- лицейі базасында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы ауқымды кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді. Іс-шараға педагогикалық практикадан өтіп жатқан ШТ-23-01 және ШТ-23-02 топтарының студенттері қатысып, практика жетекшісі және филиалға жауапты доцент С.Е. Давлетова басшылық жасады.
Кездесудің негізгі тақырыбы – мамандық таңдау болды, оқушылар кәсіби бағдарлау тестілерін тапсырды, интерактивті ойындарға қатысты және тақырыптық видеоматериалдар тамашалады. Шара соңында институт туралы видео-презентация ұсынылып, қатысушыларды білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктерімен таныстырды.
Іс-шара оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, кәсіби болашағын талқылауға белсенді қатысуына ықпал етті, сонымен қатар мамандық таңдауына саналы көзқарас қалыптастырды.



