Кездесуді студенттер мен ұйым өкілдері арасында ашық диалог алаңын қамтамасыз еткен Карьера және дуальды оқыту орталығы ұйымдастырды.
Спикерлер – Серікқали Ақзира Серікқалиқызы және Сапаралина Мирана Бауыржанқызы – өзекті ақпарат ұсынып, грант бойынша міндеттемелерді жан-жақты түсіндірді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, алдағы қадамдары мен жауапкершіліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.




