Алматы қаласында Қазақстанның жетекші ЖОО-дары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде инклюзивті білім беру мен инклюзиялық қолдау қызметтерінің тәжірибесімен танысып тәжірибе алмасу іс-сапарында болды. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі психол. ғыл. канд., қауымдастырылған профессор Аутаева Ақбота Нұрсұлтанқызымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету кеңсесінде “Инклюзивті орта” ғылыми-практикалық орталығының маманы Сайлауов Асет Төлегенұлымен пікір алмасып өзара тәжірибемен бөлісті. Іс-сапар кезінде Турманова Ж.Е. ЖОО-да инклюзиялық қолдау жағдайында педагогтердің рөлі жайында жетекші мамандармен интервью, әңгімелесу жүргізіп жобаның келесі кезеңдерінің міндеттері мен жұмыс мазмұнын айқындады.Сонымен қатар, аға оқытушы Мусиев А.Б. жоба аясында Түркістан қаласына қызметтік іссапар жасап, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде инклюзивті ортаны ұйымдастыру тәжірибесімен танысты.
Сапар барысында әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау бөлімінің басшысы Абдукаримова Эльмира Үсенқызына жұмыс кездесуі өткізілді. Кездесу аясында студенттерге психологиялық қолдау көрсету және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері бойынша кәсіби тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.
Жұмыс қорытындысы бойынша жобаның келесі кезеңдерін жүзеге асырудың негізгі міндеттері мен мазмұндық бағыттары айқындалды.






