2026 жылғы 10 сәуірде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында (бұдан әрі – ЕАГИ) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Ғы-лым және жаңа буын – 2026» атты студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми конференциясы, сондай-ақ Ғылым күніне орай «Өзгермелі әлемдегі аударма және мәдение-таралық коммуникация: мәдени трансфер және полимәдениеттілік» тақырыбындағы ха-лықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның маңызды сәті А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Құрметті профессорларының аттестаттарын салтанатты түрде табыстау рәсімі болды.
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Құрметті профессоры атағы білім беру сапасын арттыруға, білім мен академиялық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ ха-лықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған «Visiting Professor» бағдарламасы аясында 2026 жылғы 17 наурыз бен 22 сәуір аралығында ЕАГИ-дің Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының студенттеріне дәрістер мен практикалық сабақтар жүргізген екі ғалымға берілді:
• Разумовская Вероника Адольфовна — филология ғылымдарының кандидаты, Сібір федералдық университетінің доценті (Ресей Федерациясы);
• Энрике Федерико Керо Хервилья — филология саласы бойынша PhD докторы, Грана-да университетінің профессоры (Испания).
Салтанатты рәсім ЕАГИ-дің интернационалдандыру деңгейінің жоғары екенін және оның халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі белсенді рөлін айқындайтын маңызды оқиға болды.

