А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

«Педагог – көпмәдениетті әлемде»

2026 жылғы 13 сәуірде «Қазақстандағы цифрландыру және жасанды интеллект жылы» ұранымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырған «Педагог – көпмәдениетті әлемде» атты III Халықаралық комикстер байқауына ШТ 23-02, ШТ 23-03 топтарының студенттері қатысты.

Байқаудың мақсаты – студенттерді түпнұсқа комикстер жасауға ынталандыру, педагогикалық мамандықтар бойынша дарынды әрі шығармашыл студенттерді анықтау. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында байқау заманауи технологиялардың, соның ішінде жасанды интеллекттің педагогикалық тәжірибені трансформациялаудағы және инновациялық білім беру контентін жасаудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Байқау қорытындысы бойынша ШТ 23-03 тобының студенті Құдайберген Шұғыла I орынды, ал ШТ 23-02 тобының студенттері Әубәкірова Ақжүніс пен Завиханқызы Тамаша «Жасанды интеллект және педагогика» номинациясы бойынша II орынды жеңіп алды.

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Сарсенова А.М.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх