А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Шаг в будущее: профориентационная встреча с выпускниками школы

2026 жылдың 20 сәуірінде Педагогика және тарих кафедрасының доценті, п.ғ.к. Ақжарқын Бадел Астана қаласындағы №19 жалпы орта мектептің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылармен болашақ мамандықты таңдау мәселелері талқыланып, әр түрлі кәсіптердің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы мазмұнды ақпарат берілді.
Сонымен қатар педагогикалық мамандықтардың қоғамдағы маңызы, кәсіби талаптары мен болашақтағы сұранысы жөнінде түсінік ұсынылды.
Кездесу аясында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары туралы кең көлемде ақпарат берілді. Институттағы оқу бағыттары, студенттердің жетістіктері мен түлектердің кәсіби жолы таныстырылды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Іс-шара соңында түлектерге алдағы сынақтардан сәтті өтуіне тілектер білдірілді.
Кездесуді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен мектеп әкімшілігіне және кәсіби бағдар беруші педагог Чэкова Жаркынай Жұматайқызына алғыс білдіреміз.

Прокрутить вверх