А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Академиялық ұтқырлық: жаңа мүмкіндіктер

2025–2026 оқу жылының 13–30 сәуір аралығында институттың педагогика және тарих кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Темирханова Қымбат Шашубаевна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде академиялық ұтқырлық бойынша болды.
Іс-сапар барысында 6B01202 – «Бастауыш білім беру» бағдарламасының, білім алушыларына дәрістер оқылып, олардың кәсіби білімдері мен педагогикалық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған оқу жұмыстары жүргізілді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасуды дамытуға, серіктестік байланыстарды нығайтуға және болашақ мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға мүмкіндік береді.

Прокрутить вверх