А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында семинар

2026 жылдың 22 сәуірінде, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты «Зерек бала» ғылыми-әдістемелік үйірмесінің жоспары бойынша, «Педагогика және тарих» кафедрасының филиалы №93 «Айгөлек» балабақшасында кафедра доценті И.А.Тобагабылова және п.ғ.м., А. Оқай «Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты -мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық құндылықтар қалыптастыру арқылы жан -жақты дамыту. Семинар барысында тәрбиеші -педагогтер шағын топтарға бөлініп жұмыс жасады. Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші -педагогтері ұлттық құндылықтарға байланысты көрмелер дайындап, теориялық білімді практикамен ұштастырды.
Іс -шара соңында мектепалды топтары ұйымдастырылған ашық іс -әрекеттер көрсетті. Мектепалды топ «Әріптер әлемі» тақырыбында іс -әрекет өткізді. Балалардың көңіл -күйі көтеріңкі, көрнекі құралдар педагогикалық, эстетикалық талаптарға сай болды.

Прокрутить вверх