2026 жылғы 29 сәуірде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы ұйымдастырған «Ұлы ерлікке – мәңгілік тағзым» атты тақырыптық кездесуге қатысты.
Іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халық ерлігін ұлықтау, тарихи жадыны сақтау, сондай-ақ жастардың бойында патриоттық сезім мен ел тарихына деген құрметті қалыптастыру.
Кездесу барысында тарихи мұра, ерлік ұғымы және өткенді қастерлеудің маңызы туралы ашық диалог өтті. Пікір алмасу мен мазмұнды әңгіме студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, тарихи оқиғаларды тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шараларға қатысу студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.



