А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

Халықаралық академиялық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

2026 жылғы 21 мамырда профессор Г.Д. Тажбенова мен доцент Б.Б. Мажитова Қырғызстан халықаралық университетінің (Бішкек қ.) «Менеджмент және экономика» кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы Е.В. Зенина мен кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ұйымдастырған «Заманауи қаржыгер – халықаралық ынтымақтастық аясында кәсіби құзыреттерді қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Іс-шара барысында халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, бірлескен білім беру бағдарламаларын (БББ) іске асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламалары жобасын басқару және үйлестіру тетіктері талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «Қаржы» бағыты бойынша бірлескен білім беру бағдарламасы мен бакалавриаттың minor бағдарламасын іске асыру туралы келісімшартқа қол қойылды.

Прокрутить вверх