А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты


Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту

Ғылыми тағылымдама ғылыми және ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін шетелдік жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтарда және салалық ұйымдарда арттыруға бағытталған.

Бағдарлама кімдерге арналған?

Бағдарлама кәсіби біліктілігін арттыруға, халықаралық зерттеу тәжірибесін алуға және жетекші шетелдік ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларға арналған.

Бағдарламаға қатысу кәсіби құзыреттерді кеңейтуге, озық ғылыми тәжірибе мен технологияларға қол жеткізуге және алынған тәжірибені одан әрі ғылыми және білім беру қызметінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Негізгі ақпарат

  • Бағдарламаның мемлекеттік тапсырыс берушісі — Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі.
  • Бағдарламаның әкімшісі — «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.
  • Ғылыми тағылымдаманың ұзақтығы — 3 айдан 12 айға дейін.
  • Тағылымдама қатысушының ғылыми зерттеуі шеңберінде жүзеге асырылады.
  • Тағылымдама тағылымдамадан өтуге ұсынылатын жетекші шетелдік ұйымдар тізіміне енгізілген шетелдік ұйымдарда жүзеге асырылады.
  • Тағылымдама тақырыбы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарына сәйкес келуі тиіс.

 

Қандай шығындар қаржыландырылады?

Республикалық бюджет қаражаты есебінен тағылымдамадан өтуге байланысты негізгі шығындар, оның ішінде:

  • визаны ресімдеу және ұзарту;
  • ғылыми тағылымдамадан өту шығындары;
  • тұру және тамақтану;
  • ғылыми әдебиеттерді сатып алу;
  • міндетті медициналық тексеруден өту;
  • медициналық сақтандыру;
  • тағылымдама өтетін жерге дейін және кері жол жүру шығындары;
  • қабылдаушы елдің немесе ұйымның талаптарына сәйкес міндетті қызметтер;
  • тағылымдамадан өту жөніндегі шартта көзделген шетелдік ұйымның шығындары.

Қатысушының міндеттемелері

Бағдарлама бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін конкурс жеңімпазы соңғы 12 ай ішінде тұрақты табысы бар, 50 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының екі азаматын кепілгер ретінде ұсынады.

Ғылыми тағылымдама аяқталғаннан кейін конкурс жеңімпазы жұмыс берушінің өтініміне сәйкес оны тағылымдамаға жіберген ұйымда кемінде 3 жыл үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруға міндетті.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін мемлекеттік және шет тілдерін білудің қажетті ең төменгі деңгейі

Тағылымдамадан өтуге арналған жетекші шетелдік жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарының тізімі

Басым бағыттар

Конкурстық іріктеу

 
Прокрутить вверх