2026 жылғы 29 қыркүйекте куратор Ахметова М.Т. Қ-25-01 тобында кураторлық сағат аясында «Жаңа Халықтық Конституция: құндылықтар, құқықтар және азаматтың жауапкершілігі» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара барысында Конституцияның негізгі қағидаттары, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ әрбір азаматтың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері талқыланды. Білім алушылар заң үстемдігі, әділеттілік, теңдік, еркіндік, адам құқықтарын құрметтеу және қоғамдық келісім сияқты конституциялық құндылықтар туралы өз ойларын ортаға салды.
Семинар мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтті. Ол білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық ұстанымын нығайтуға және конституциялық құндылықтарды терең түсінуіне мүмкіндік берді. Білім алушылар Конституцияның тек құқықтар мен бостандықтарды бекітетін негізгі заң ғана емес, сонымен қатар азаматтарға белгілі бір міндеттер мен жауапкершілік жүктейтін маңызды құжат екенін түсінді.


