2026 жылғы 5 қазанда 6В04108 – «Қаржы» білім беру бағдарламасы аясында бітіруші курс студенттерінің қаржы ұйымдарының өкілдерімен «Мансап бастауы: қаржы саласындағы кәсіби даму мүмкіндіктері» тақырыбында кездесуі өтті.
Іс-шара барысында қаржы секторының өкілдері еңбек нарығының заманауи талаптары, сұранысқа ие кәсіби құзыреттер, жұмысқа орналасу және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Студенттер кәсіби траекториясын қалыптастыру, тағылымдамадан өту және қаржы саласындағы мансабын сәтті бастау бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Іс-шара кәсіби диалог орнатуға және институт пен қаржы секторы өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға арналған тиімді алаңға айналды.

