ШТ 23-02 тобының студенті Әбіл Шади «Көркем аударма» секциясында өткен халықаралық әдеби аударма байқауында II жүлделі орынға ие болды. Байқауды Санкт-Петербург мемлекеттік университеті ұйымдастырды.
Бұл жетістік студенттің талантының, мақсатқа ұмтылысының және әдеби аудармаға деген қызығушылығының нәтижесі болды.
Біз Әбіл Шадидің жетістігімен мақтанамыз және оны лайықты марапатымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа шығармашылық жетістіктер мен кәсіби өсу тілейміз!
Ғылыми жетекшісі — педагогика ғылымдарының магистрі, доцент Сарсенова А. М.
