2026 жылғы 29 қазанда ШТ-26-04 академиялық тобының кураторы, аға оқытушы Балхаш Даулетбековна Калышкенова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Кураторлық сағат барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары және әрбір азаматтың адалдық қағидаттарын ұстануының маңыздылығы талқыланды.




