А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ-де ағылшын тілінде сөйлеу клубының отырысы өтті

2026 жылғы 2 қарашада А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ-дің Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында English Speaking Club ағылшын тілінде сөйлеу клубының кезекті отырысы өтті.

Кездесу «British Culture: Customs and Traditions» («Британ мәдениеті: салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар») тақырыбына арналды. Қатысушылар британ мәдениетінің ерекшеліктерін, ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін талқылап, ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдірді.

Клуб жұмысына «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының төртінші курс студенттері, ИЯ-23-01 және ШТ-23-03 академиялық топтары белсенді қатысты.

Кездесуге Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Байтурина У.К., сондай-ақ педагогика ғылымдарының магистрі, доцент Сарсенова А.М. қатысты.

Отырыс танымдық әрі достық атмосферада өтіп, студенттерге британ мәдениеті туралы білімдерін кеңейтуге және ағылшын тілін еркін қарым-қатынас барысында қолдануға мүмкіндік берді.

Прокрутить вверх