Лауазымы
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының педагогика және тарих кафедрасының доценті (30.08.2025 жылдан).
Академиялық дәрежесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты (2010), мамандығы 13.00.03 – Түзету педагогикасы (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика және логопедия). Диссертация тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептің оқу үдерісіне қосудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары».
Кәсіби біліктілігі
Олигофренопедагог, арнайы мекемелер психологы.
Зерттеу бағыттары / ғылыми қызығушылықтары
- Арнайы және инклюзивті білім беру;
- Олигофренопедагогика және арнайы психология;
- Логопедия және сөйлеу бұзылыстарын түзету;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау;
- Инклюзивті білім беру сапасы, қолдау және бейімдеу;
- Ерте жастағы педагогика мен психология.
Оқытатын пәндері
Түзету педагогикасы; Педагогикалық қызметті ұйымдастыру; Ерте жастағы педагогика мен психология; Дефектология және логопедия негіздері; Отбасы және отбасылық тәрбие психологиясы; Арнайы психология.
Білімі
1991–1995 – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті. Мамандығы: «Дефектология, олигофренопедагогика». Кәсіби біліктілігі: олигофренопедагог, арнайы мекемелер психологы.
Жұмыс тәжірибесі
30.08.2025 жылдан – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, педагогика және тарих кафедрасының доценті.
05.01.2025 – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Психология және педагогика институты, Арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы.
2023–2024 – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, директордың міндетін атқарушы.
2023 – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Психология және педагогика институты, Арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы.
2020 – Нұр-Сұлтан қ. №4 ПМПК, аға әдіскер.
2018–2019 – «САНА» ғылыми-практикалық психология орталығы, бас ғылыми қызметкер.
01.03.2017 – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Астана қ., Жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі.
2012–2017 – Абай атындағы ҚазҰПУ, Арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.
2010–2012 – Астана қ. №65 мектеп-гимназиясы, инклюзивті білім беру бойынша кеңесші.
2001–2010 – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, Арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы.
1995–1998 – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, Дефектология факультеті, Арнайы психология және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушысы.
Біліктілікті арттыру (соңғы 5 жыл)
- 09–19.03.2026 – «Арнайы және инклюзивті білім беру ресурстарын сараптау: мазмұны, қолжетімділігі және бейімдеу талаптары», ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті, Республикалық білім мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығы.
- 27.11–10.12.2025 – «Білім беруде жасанды интеллектті қолдану: жаңа технологиялар, мүмкіндіктер мен сын-қатерлер», «Астана» әдістемелік орталығы.
- 07–20.10.2025 – «Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау әдістері: білімді бағалаудан оқу нәтижелерін бағалауға», А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ.
- 07–18.04.2025 – «Жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби шеберлігін жетілдіру» (арнайы педагогика, арнайы психология, мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы).
- 24.02–07.03.2025 – “Theoretical and practical foundations of special and inclusive education (education and upbringing of children with special educational needs)”.
- 20–24.03.2023 – “Leadership and Creative Methods in Education”, IKSAD Institute және Halic University SEM, 72 сағат.
- 28.01–28.03.2023 – «Учимся легко: нейропсихология в детском саду и школе», SKLAD және Л.С. Выготский атындағы Психология институты, 72 сағат.
- 2022 – «Аутизм спектрі бұзылыстарын түзетудің заманауи әдістері», «Участие» әлеуметтік жобалар орталығы, Ярославль, 50 сағат.
Кәсіби ұйымдарға мүшелігі
- Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы 8D019 – Арнайы педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша PhD дәрежесін қорғау және беру жөніндегі диссертациялық кеңестің тұрақты мүшесі.
- Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы арнайы білім беру бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі.
- ҚР Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығының сарапшысы; сарапшылар базасында 19.03.2026–19.03.2031 аралығына тіркелген.
Марапаттары мен кәсіби жетістіктері (соңғы 5 жыл)
- 2025 – ҚР Оқу-ағарту министрінің алғыс хаты.
- 2023 – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хаты.
- 2022 – ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының алғыс хаты.
Ғылыми жарияланымдар (соңғы 5 жыл)
- 2026 – “Predictors of teachers’ readiness for inclusive education in Kazakhstan”. International Journal of Evaluation and Research in Education (IJERE), Vol. 15, No. 1, pp. 587–596. DOI: 10.11591/ijere.v15i1.36260.
- 2026 – «Развитие речи детей с ОНР через казахские народные сказки». І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің хабаршысы, №1 (108).
- 2025 – «Инклюзивті білім беру жағдайында арнайы педагогтерді жұмысқа дайындау мәселелері». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы, №1 (80), 71–77 б.
- 2025 – «Состояние и проблемы организации психолого-педагогического сопровождения воспитанников специальных дошкольных организаций образования в Республике Казахстан». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы, №1 (80), 13–22 б.
- 2024 – «К вопросу о создании специальных образовательных условий для детей с ограниченными возможностями в специальных дошкольных организациях образования». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы, №2 (77), 7–14 б.
- 2024 – «Инклюзивті білім беру жағдайында сөйлеу тілі бұзылған балаларға педагогикалық қолдау көрсету». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы, №4 (79), 21–28 б.
- 2024 – «Ерекше білім беру қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылардың негізгі мәселелері». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы, №3 (78), 30–35 б.
- 2024 – «Нашар көретін мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы цифрлық құралдардың рөлі». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Арнайы педагогика» сериясы, №2 (77), 60–67 б.
- 2022 – “Developing the imagination of primary school students through media technologies”. Cypriot Journal of Educational Sciences, 17(2), 479–491.
- 2022 – “Formation of knowledge about national traditions in high school students with intellectual disabilities through modern technologies”. World Journal on Educational Technology: Current Issues, 14(5), 1538–1548.
Қосымша ақпарат
- Астана қ. Қ. Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы.
- 2025 – Алматы қаласында өткен Инклюзивті білім беру жөніндегі Бірінші дүниежүзілік конгресс секцияларының модераторы.
- 2026 – Ресей білім академиясы, Түзету педагогикасы институты өткізген «Интеллектуалдық бұзылыстары бар тұлғаларды оқыту және әлеуметтендіру» Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференциясының спикері ретінде алғыс хат.