А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру бойынша халықаралық вебинар өткізелетіні туралы Институттың ғылым және инновациялар бөлімі хабардар етеді!

Қазақстан Республикасы бизнес-инкубаторлар қауымдастығы ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және DeepTech технологияларын дамыту саласындағы Израиль тәжірибесіне арналған халықаралық вебинарға шақырады.

Тақырыбы: «Жаңашыл зерттеулерден табысты кәсіпкерлікке дейін: Израильдегі білімді коммерцияландырудың сын-қатерлері мен шешімдері»
Израиль тәжірибесі ғылыми әзірлемелерді сұранысқа ие технологиялар мен табысты компанияларға айналдыру үшін университеттер, зерттеушілер, кәсіпкерлер және инвесторлар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың маңызын көрсетеді.

Вебинарға осы үдерістің әртүрлі бағыттарын таныстыратын екі халықаралық сарапшы қатысады:

— Yissum компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті. Yissum — Иерусалимдегі Еврей университетінің технологиялар трансфері компаниясы және DeepTech саласындағы әлемдік деңгейдегі беделді ұйымдардың бірі.

— Технологиялық кәсіпкер, инвестор және стартаптар, жасанды интеллект пен корпоративтік инновациялар саласындағы сарапшы. Халықаралық кәсіпкерлік пен жаһандық стартаптар экожүйесінің тоғысында жұмыс істейтін PitchBob.io платформасының негізін қалаушы.

Вебинар барысында:

• университеттердің ғылыми әзірлемелерді нарыққа шығару жолдары;
• технологиялық жобаларға инвестиция тарту тетіктері;
• ғылыми негіздегі стартаптар мен технологиялық компанияларды құру;
• Израиль тәжірибесін Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктері талқыланады.

Бұл — DeepTech пен технологиялық кәсіпкерліктің әлемдік орталықтарының бірі саналатын Израильдің практикалық тәжірибесімен тікелей танысуға арналған мүмкіндік.

📅 10 қараша 2026 жыл
🕒 15:00–16:30, Қазақстан уақытымен
💻 Онлайн, вебинар орыс тілінде өтеді
🔗 Тіркелу: https://us02web.zoom.us/meeting/register/Z-cVUj-8Ryq0QmRnme6FgA

Қатысу міндетті!

Құрметпен, Ғылым және инновациялар бөлімі

Прокрутить вверх