А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

ЕАГИ-де студенттерге арналған қаржылық сауаттылық тақырыбында қонақ дәрісі өтті

Ұлттық валюта — теңге күніне арналған апталық аясында 2026 жылғы 11 қарашада «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Отбасы банк» АҚ өкілдерінің қатысуымен «Қазіргі студенттің қаржылық сауаттылығы: жинақтау, кредиттеу және қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында қонақ дәрісі ұйымдастырылды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Студенттер қаржылық сауаттылықтарын арттыруға және болашақ қаржыгерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған пайдалы ақпарат пен практикалық ұсыныстар алды.

Прокрутить вверх