2026 жылғы 11–14 қараша аралығында Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінің (РУДН) алаңында «Көпполярлы әлемдегі халықаралық білім беру» атты III Халықаралық білім беру форумы өтті. Іс-шара жоғары білім беруді дамытудың өзекті мәселелері мен стратегияларын талқылау мақсатында 40-тан астам елден келген 1000-нан астам сарапшының басын қосты.
Форумда А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының атынан педагогика және тарих кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы Татьяна Анатольевна Абдрашитова қатысты. Оның форумға қатысуы «Инклюзивті ортаны қалыптастырудағы педагогтердің рөлі: даярлау және қолдау» атты бастамашыл жоба аясында жүзеге асырылды.
Форумның іскерлік бағдарламасы аясында Татьяна Анатольевна екі бағыт бойынша баяндама жасап, сарапшылық пікір білдірді:
— «Университеттегі инклюзивті мәдениет: баршаға қолжетімді орта» секциясының негізгі спикері ретінде профессор кедергісіз білім беру ортасын қалыптастыру және оқытушыларды инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлау бағытындағы тәжірибесімен бөлісті.
— «Мүмкіндігі шектеулі жоғары оқу орындары түлектерін жұмыспен қамту: талдау, мәселелер және шешімдер» атты дөңгелек үстелдің сарапшысы ретінде әріптестерімен бірге түлектердің кәсіби бейімделуіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, ерекше білім беру қажеттіліктері бар жас мамандарды еңбек нарығына шығу кезінде қолдауға арналған практикалық ұсынымдар әзірледі.
Халықаралық форумға қатысу институт тәжірибесін таныстыруға, шетелдік әріптестермен кәсіби тәжірибе алмасуға және инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.





